Мариупольдағы 18 қазақстандықпен байланыс әлі орнаған жоқ - СІМ
Электр энергиясы мен телефон жүйелерінің үзілуіне орай олармен байланыс орнату мүмкіндігі жоқ
Еліміздің сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау туралы өзекті ақпарат жариялады.
Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттар 822 Қазақстан азаматына Украинадан шығуға қолғабыс көрсетті. Оның ішінде 726 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан және Словакияға шығып кетті, – дейді ведомство.
ҚР СІМ мәліметінше, биылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) 89 Қазақстан азаматы бар 5-ші эвакуациялық ұшақ ұшып шықты. Бұған дейін төрт репатриациялық рейспен елімізге 587 Қазақстан азаматы жеткізілгені белгілі.
«Қазір Катовице қаласында әрі Украина-Польша шекарасын кесіп өту кезегінде азаматтарымыз жоқ. Харьков қаласындағы эвакуациялық жинау орнында 3 отандасымыз бар. Сумы қаласында 1 Қазақстан азаматы бар, онымен тұрақты байланыс орнатылған», – делінген мәліметте.
Украинадағы Қазақстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариуполь қаласындағы Қазақстан азаматтарының жалпы саны әлі де 18 адамды құрайды. Электр энергиясы мен телефон жүйелерінің үзілуіне орай олармен байланыс орнату мүмкіншілігі жоқ.
Қазақстан дипломаттарының көмегімен 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 51-і Украина аумағынан шықты, ал қалған 6 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты қажетті көмек көрсетіліп жатыр, – дейді сыртқы істер министрлігі.
Бұған дейін елшілік Мариупольдағы 18 қазақстандықпен байланыса алмай отырғанын айтқан болатын.
Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина және Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті. Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті. Украинадағы қазақстандықтардың төртінші легі елге оралды. Қазақстан Украинаға 2,2 млн доллардың дәрі-дәрмегін жібермек. Украинадағы соғыс өрті күшейген аумақтарда 200-дей отандасымыз қалып отыр. Қазақстан Украинаға 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді. Украинаға гуманитарлық көмек жеткізген ұшақ Катовицеден 89 жолаушы алып келеді. Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды. ҚТЖ Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтармақ. Қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін жедел желі ашылды. Еліміздің жүк тасымалдаушыларының Украинадан қалай шығарылып жатқаны да мәлім болды. Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалда проблемалары қалай шешіліп жатқаны айтылды. Көлік пен логистика саласында да жедел штаб жұмысын бастады. Латвия порттары еліміздің жүктерін қабылдауға келісті. Украинадан 49 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Украинадан тағы екі қазақстандық жүк көлігі шығарылды.