×

Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс Қазақстан экономикасына әсер ете бастады

 Қымбат Елтайқызы 03.03.2022 | 09:00
коллаж: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды.

Жедел штаб Ресейге санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады, – деп хабарлайды үкімет.

Жедел штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді. Сонымен қатар Жедел штабтың алдағы жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады. 

«Кеше премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды», – делінген ақпаратта.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Мемлекет басшысы. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама