×

Украинадағы жағдай: Еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады

Жағдай тұрақталғанға дейін осындай шара ұсынылды

 Қымбат Елтайқызы 25.02.2022 | 17:35
фото: ашық дереккөзден

Украина аумағында азаматтық авиацияға төнетін қауіпке, әскери іс-қимылдарға, ұшуға тыйым салынуына байланысты барлық отандық компанияға Украинаға әрі бұл елдің әуе жолдарымен ұшуға тыйым салынады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Осыған байланысты, Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туристік қауымдастықтарға туристік жолдамаларды сатуды ағымдағы жағдай тұрақталғанға дейін тоқтата тұру туралы жазбаша ұсыным жібереді, – дейді Туризм индустриясы комитеті.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Украинада ұйымдасқан қазақстандық туристер тобы жоқ.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Кеше Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама