×

«Біз дайынбыз»: Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді

Владимир Путин Ресейге қауіп төндіретін сыртқы күштерге ескерту жасады

 Айнұр Шошаева 24.02.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Путин Донбасстағы арнайы әскери операция жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қалыптасқан жағдайлар бізден шешуші әрі жедел әрекеттерді талап етеді. Донбасс Халық Республикасы Ресейге көмек сұрап жүгінді. Осыған байланысты, БҰҰ жарғысының 51-бабына сәйкес, Федерация кеңесінің санкциясымен және Федералды жиналыс бекіткен ДХР мен ЛХР-мен достық әрі өзара көмек жөніндегі келісімдерді орындау үшін мен арнайы әскери операция жасау жайында шешім қабылдадым, - деді Владимир Путин ресейліктерге арнаған үндеуінде.

Ол Украинаны жаулап алу Ресей жоспарына кірмейтінін атап өтті. Бұған қоса Путин Ресейге қауіп төндіретін сыртқы күштерге ескерту жасады. 

«Біз кез-келген жағдайға дайынбыз. Барлық қажетті шешім қабылданды», - деді Владимир Путин.

Бұған дейін АҚШ президенті Ресей Украинаға соғыс ашуға дайын отырғанын мәлімдеді. Путин Украинаның шығысындағы екі облыс тәуелсіздігін мойындады«Владимир Путиннің жарлығынан кейін Қазақстан тарапы ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындай ма?» деген сұраққа жауап берілді. Тоқаев пен Путин Украина туралы сөйлесті

Серіктес жаңалықтары

Сараптама