×

Тоқаев шұғыл кеңес өткізді

Онда ел үшін маңызды мәселелер қаралды

 Халық үні 26.02.2022 | 16:10
коллаж: Halyq Uni

Президент Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді.

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл кеңесі өтті. Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.

Жиында Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, – дейді Ақорда.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі және Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстанда тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама