×

Қазақстанда тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады

Кейбір кәсіпкер көрші елдердегі жағдайды сылтауратуы мүмкін

 Халық үні 25.02.2022 | 18:00
коллаж: Halyq Uni

Мемлекет нарығындағы ахуал бақылауға алынды.

Көрші елдердегі төтенше оқиғалар кезінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстанның негізгі нарықтарындағы - әлеуметтік маңызы бар өнімдер, жанар-жағармай, газ, көмір, дәрілік заттар, құрылыс материалдары әрі бағаның қатты құбылмалдылығына ұшыраған басқа да тауарлар ахуалын мұқият қадағалап отырады, – дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Агенттік бизнесті дүрлігуге жол бермеуге шақырады әрі бағаны белгілеу және ұстап тұру (сөз байласу), тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ тауарға жасанды тапшылық жасау бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланатынын, монополиялық кіріс тәркiленіп, монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған түсiмнiң 3%-ы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 5%-ы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Кеше Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама