×

«Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады

Ресей банкі қазір қалай қызмет ететінін айтты

 Қымбат Елтайқызы 25.02.2022 | 11:00
фото: ашық дереккөзден

Банк мәліметінше, «Сбербанк Қазақстан» әрі оның барлық жүйесі штаттық тәртіпте жұмыс істейді, жеке және заңды тұлғаларға қаражаттар мен сервистер толық көлемде қолжетімді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Теңгедегі және шетел валютасындағы шоттардан ақша шешіп алу әрі оларды толықтыру офистерде, банкоматтарда, Sber KZ мобильді қосымшасында және СберБизнесте, сондай-ақ басқа да қызмет көрсету каналдарында шектеусіз қолжетімді. Барлық төлем жүйесінің пластикалық карталары бойынша тауарлар әрі қызмет ақысын төлеу, ақша аударымдары және операциялар жүргізіліп жатыр әрі толық көлемде қолжетімді болады. Валюта айырбастау шектеусіз жүргізіледі, – делінген мәлімдемеде.

Қабылданған шектеулер клиенттер қаражатының сақталуына және қолжетімділігіне әсер етпейді.

«Сбербанктің орын алған жағдайда қалыпты жұмыс істеу үшін барлық қажетті ресурсы әрі тәжірибесі бар», – дейді банк.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Кеше Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама