×

Қазақстанда депозит мөлшерлемесі артты

Теңгелік депозиттің максималды мөлшерлемесі өсті

 Қымбат Елтайқызы 25.02.2022 | 14:30
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттің максималды мөлшерлемесін ұлғайтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі көбейген соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қысқа мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылғы ақпан мен наурызға ұсынылатын максималды мөлшерлемені арттырды, – дейді қор.

Одан басқа, теңгелік ұзақ мерзімді салымдар тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылғы ақпан және наурызға ұсынылатын максималды мөлшерлеме әрі 12 айлық жинақ депозит бойынша 2022 жылғы наурызға ұсынылатын максималды мөлшерлеме өсті.

Өзгерістер 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және осы күннен бастап банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемесін қайта қарауға құқылы.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Кеше Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі әрі Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08