×

Келіссөз нәтижесі: Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті

Екі ел арасындағы келіссөздің екінші раунды аяқталды

 Айнұр Шошаева 04.03.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер нәтижесі белгілі болды.

Киев пен Мәскеу келіссөздерді жалғастыруға келісті. Енді үшінші раундты мүмкіндігінше тезірек өткізу жоспарланып отыр.

Украина мен Ресей азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету туралы келісімге келді.

Сондай-ақ тараптар азаматтарды эвакуациялау кезеңінде, қауіпсіз жерге көшіру өтетін жерлерде атысты тоқтату мүмкіндігін талқылады, – деді Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама