×

Украинадағы қазақстандықтардың төртінші легі елге оралды

Төртінші рет ұйымдастырылған репатриациялық рейспен 155 адам келді

 Қымбат Елтайқызы 10.03.2022 | 10:27
фото: tengrinews.kz

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтары бар төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 04:57-де елордаға келіп қонды. Бортта 155 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала бар.

Бүгінге дейін қазақстандық дипломаттар Қазақстанның 731 азаматына Украинадан шығуға көмектесті. Оның ішінде 662 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакияға шығып кетті.

Бұған дейін үш репатриациялық рейспен Қазақстанға 432 азамат жеткізілді.

Киев қаласындағы жағдайдың ұшығуына байланысты қазақстандық дипломаттар Львов қаласына уақытша көшірілді және олар ҚР азаматтарына көмек көрсету жұмыстарын штаттық режимде жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама