×

Украинадан 49 қазақстандық жүк көлігі шығарылды

Енді сол елдің аумағында 8 жүк көлігі қалып отыр

 Қымбат Елтайқызы 11.03.2022 | 14:00
фото: ашық дереккөзден

57 қазақстандық жүк көлігінің 49-ы Украинадан шығарылды.

2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша, Украинадан еліміздің меншік иелеріне тиесілі 57 жүк автокөлігінің 49-ы шықты. Осылайша, бұл елдің аумағында 8 жүк көлігі, оның ішінде украиндық жүргізушілері бар Қазақстанның 4 жүк көлігі қалып отыр, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Сонымен қатар Украинада еліміздің азаматтарына тиесілі 1457 жүк вагоны тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанынан «жедел желілер» ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүріп жатыр», – делінген ақпаратта.

Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ.

Бұған дейін Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылғаны белгілі болды. Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды. ҚТЖ Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтармақ. Қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін жедел желі ашылды. Еліміздің жүк тасымалдаушыларының Украинадан қалай шығарылып жатқаны да мәлім болды. Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалда проблемалары қалай шешіліп жатқаны айтылды. Көлік пен логистика саласында да жедел штаб жұмысын бастады. Латвия порттары еліміздің жүктерін қабылдауға келісті

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан және Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті. Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті. Қазақстан Украинаға 2,2 млн доллардың дәрі-дәрмегін жібермек. Украинадағы қазақстандықтардың төртінші легі елге оралды. Украинадағы соғыс өрті күшейген аумақтарда 200-дей отандасымыз қалып отыр

Серіктес жаңалықтары

Сараптама