×

Екі келіні бар ене 23 жыл күткен қызын дүниеге әкелді (ВИДЕО)

Көпшілік ақтаулық келіншектің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды

 Халық үні 25.04.2024 | 20:48
фото: әлеуметтік желіден

Ақтауда әйелді перзентханадан күйеуі мен енесі, 4 ұлы мен 2 келіні шығарып алды. Қуанышты жаңалықты жаңа босанған әйелдің келіні Айжамал Кенбаева өз Instagram парақшасында бөлісті.

Ал әйелдің екінші келіні Ырысгүл Базарханның айтуынша, ата-енесі қызды 23 жыл аңсап күткен. Олар нәрестеге Айсәуле есімін берген.

Аллаға шүкір дегеннен артық не жазамын? Қандай әдемі көрініс. Жұбайы, 4 ұлы, енесі мен 2 келіні бұлай шығарып алу үлкен бақыт қой. Атам 101 раушаны мен ұлдары бір-бір құшақ гүлден сыйлағаны қандай... Көз тимесін, бәріңіздің үйіңізде осындай той болсын, - деп жазды Айжамал өз парақшасында.

Көпшілік ақтаулық келіншектің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

«Енесі бақытты шығар», «4 ұлдан кейін қыз тәтті ғой», «Бақыт деген осы ғой», «Керемет, көз тоймайды», «Тіл-көзден сақтасын» деп жазды жұрт. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама