Енді ол елде алты көлік қалып отыр
Украина аумағынан Қазақстанның тағы екі жүк көлігі шығарылды.
2022 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша, Украинада қалып қойған қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк көлігінің 51-і шығарылды, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Атап айтқанда, 11 көлік Ресей аумағына, 8-і Молдоваға әрі 32-сі Польшаға өтті. Украинада әзірге 6 көлік қалып отыр, оның ішінде 5 жүргізуші - осы елдің азаматтары.
«Сондай-ақ қазақстандық операторларға тиесілі 1030 жүк вагоны украин жерінде тұр. 509 вагон әзірге Ресей мен Грузия аумағында орналасқан. Тағы 627 вагон басқа бағыттарға жіберілді», – делінген ақпаратта.
Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанынан жедел желілер ашылды.
Бұған дейін Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылғаны белгілі болды. Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды. ҚТЖ Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтармақ. Қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін жедел желі ашылды. Еліміздің жүк тасымалдаушыларының Украинадан қалай шығарылып жатқаны да мәлім болды. Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалда проблемалары қалай шешіліп жатқаны айтылды. Көлік пен логистика саласында да жедел штаб жұмысын бастады. Латвия порттары еліміздің жүктерін қабылдауға келісті. Украинадан 49 қазақстандық жүк көлігі шығарылды.
Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан және Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті. Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті. Украинадағы қазақстандықтардың төртінші легі елге оралды. Украинадағы соғыс өрті күшейген аумақтарда 200-дей отандасымыз қалып отыр.