Жүк көліктері көмекті 6 ел арқылы Киевке жеткізбек
Қазақстаннан Украинаға 40 тонна гуманитарлық көмек тиелген 2 жүк көлігі жолға шықты. Олар айналма жолмен 6 ел арқылы жүкті Киевке жеткізеді.
Ішінде тұрмысқа қажет бұйым, азық-түлік, киім-кешек пен медициналық заттар бар.
Бұл - Қазақстаннан Украинаға құрлық арқылы жіберілген алғашқы көмек. Бұған дейін шамамен 25 тоннадай жүк ұшақ арқылы жеткізілген.
Еріктілердің айтуынша, «Ел болашағы» бастамасы арқылы 150 млн теңге жиналған. Оған негізінен дәрі-дәрмек, мерзімі өтпейтін тағамдар сатып алынған.
Қайырымдылық акциясы әлі де жалғаспақ.
Осыған дейін Қазақстан Украинаға 2,2 млн доллардың дәрі-дәрмегін жіберді. Сондай-ақ Қазақстан Қырғызстанға мың тонна бидай тұқымын жөнелтті.
Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан және Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина мен Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті. Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті. Украинадағы қазақстандықтардың төртінші легі елге оралды. Украинадағы соғыс өрті күшейген аумақтарда 200-дей отандасымыз қалып отыр.