×

Қазақстан Қырғызстанға мың тонна бидай тұқымын жөнелтті

Бұл ізгілік көмек саналады

 Халық үні 10.03.2022 | 17:45
фото: ашық дереккөзден

Қырғызстанға ізгілік көмек ретінде 1 000 тонна іріктелген қазақстандық бидай тұқымы жеткізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында Қазақстаннан Қырғызстанға 1000 тонна отандық іріктелген бидай тұқымы түрінде ізгілік көмек жеткізілді, – дейді еліміздің сыртқы істер министрлігі.

Жүкті тапсыру рәсімі «Бішкек-1» темір жол стансасында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрі Аскарбек Джаныбековтың қатысуымен өтті. Министр іріктелген бидай тұқымдарымен қамтамасыз етуде құнды қолдау көрсеткені үшін елімізге шынайы ризашылығын білдірді және бұл фермерлердің өнім сапасы мен өнімділігінің өсуіне әсер етеді деді. Өз кезегінде, елші ізгілік жүкті жеткізуді Қазақстан үкіметі Мемлекет басшысының Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен келіссөздерінің нәтижесінде берген тапсырмасына сәйкес ұйымдастырғанын атап өтті.

«Қазақстан басшылығы Қырғызстан өтініштеріне түсіністікпен қарап, маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге барынша ықпал етті және елеулі ізгілік көмек көрсетті. Атап айтқанда, 2020 жылғы мамырда 5 мың тонна көлемінде отандық ұнды жеткізсе, бір жылдан кейін – 2021 жылғы мамырда 10 мың тонна ұн түрінде ізгілік көмек жіберді», – делінген ақпаратта. 

Бұған қоса Қазақстан Украинаға 2,2 млн доллардың дәрі-дәрмегін жібермек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама