×

Елімізде жылу электр орталықтары жоспардан тыс тексерілмек

Премьер-министр Солтүстік Қазақстанға жасаған сапарында осындай тапсырма берді

 Қымбат Елтайқызы 06.05.2022 | 18:00
фото: ашық дереккөзден

Әлихан Смайылов жылу электр орталықтарына жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды.

«Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында үкімет басшысы биылғы 20 наурызда №1 түтін мұржасының жоғарғы бөлігі жарым-жартылай құлаған Петропавл 2-ЖЭО-ға барды. «Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Кан мен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директорының м.а. Андрей Калиничев кәсіпорынның қазіргі жағдайы, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы баяндады. Премьер барлық жабдыққа мұқият техникалық тексеріс жүргізуді және жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды. Бұл ретте, тұрғындарды жазда ыстық сумен қамтамасыз ету әрі жаңа жылыту маусымын белгіленген мерзімде бастау аса маңызды», – дейді үкімет.

Барлық жұмысты сапалы, кідіріссіз, кестеде белгіленген мерзімде аяқтау қажет. Компания басшылығы барлық қажетті қаражатты табуы керек, – деді Смайылов.

Сондай-ақ энергетика министрлігіне республиканың жылу электр орталықтары мен су электр станцияларында олардың техникалық жай-күйі және алдағы жылыту маусымына дайындығы тұрғысынан жоспардан тыс тексеріс жүргізу тапсырылды.

Петропавлда құрылыс қарқыны артқанымен, тұрғындар жылу тапшылығына тап болуы мүмкін. Петропавлда жылу электр орталығындағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Петропавлдағы ЖЭО апаты: үйіндінің астынан адам іздестіріліп жатыр. Петропавлда ЖЭО директоры әрі бас инженері ұсталды. Петропавлдағы ЖЭО апаты кезінде жоғалған әйелдің денесі табылды. Петропавлдағы жылу электр орталығында жаңа мұржа салынуы мүмкін. Петропавлдағы ЖЭО-да тағы да апат болды. Петропавлдағы ЖЭО-да күрделі жөндеу жүргізу үшін 18 млрд теңге қаражат керек. Петропавлда «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры құрықталды. Еліміздегі жылу станциялары 70%-ға тозған – энергетика министрлігі. Петропавлдағы ЖЭО түтін мұржасының құлауына не себеп болғаны айтылды. Петропавлда ЖЭО-дағы апаттан кейін жылу ақысы қайта есептелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама