×

Петропавлдағы ЖЭО түтін мұржасының құлауына не себеп болғаны айтылды

Апат салдарынан 37 жастағы әйел көз жұмды

 Самат Жақып 09.04.2022 | 09:47
көрнекі фото: Петропавлдағы ЖЭО

Энергетика министрлігі  Петропавл 2-ЖЭО №1-ші түтін мұржасының құлауы бойынша тексеру жөніндегі комиссияның алдын ала қорытындысын жариялады.

Мұржадағы түтін газының минималды температурасына сәйкес келмейтін бу қазандықтарының жұмыс режимінің бұзылуы болған. Мұржадан шығатын газ температурасының төмендеу факторы «шық нүктесінің» шығуына және мұржаның ішкі бетінде су конденсатының пайда болуына, ал конденсат қазандықтан шығатын газдың басқа қоспалармен (күкірт қышқылы SO2) қосылып, қышқылдарға айналған болуы мүмкін. Қышқылдың әсер етуі бетонның мерзімінен бұрын және түтін мұржасының бұзылуына әкеп соққан.

№ 1-ші түтін мұржасының техникалық жағдайын анықтау үшін және қазандықтардың пайдалану режимін, оның ішінде шығатын газдың температурасын сақтау бойынша сараптамалар жүргізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура бір апта бұрын мұнда түтін шығатын мұржалардың бірі опырылып құлаған еді. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, орталықтың директорымен бас инженері екі айға қамауға алынды. Ал төтенше жағдай кезінде 1984 жылғы жұмысшылардың бірі үйінділердің астында қалып, көз жұмған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама