×

Петропавлдағы ЖЭО-да тағы да апат болды

Қазір кәсіпорында екі қазандық және екі турбина жұмыс істеп тұр

 Самат Жақып 27.03.2022 | 12:48
көрнекі фото: Петропавлдағы ЖЭО

26 наурызда сағат 21.30-да Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды. Бұл туралы ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

Қазір кәсіпорында екі қазандық және екі турбина жұмыс істейді. Желілік судың температурасы Цельсий бойынша 43-37 градус.

«СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметі мен жергілікті әкімдік нақты не болғаны жайында хабарлама таратуға асығар емес. Әзірге белгілісі, қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура бір апта бұрын мұнда түтін шығатын мұржалардың бірі опырылып құлаған еді. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, орталықтың директорымен бас инженері екі айға қамауға алынды. Ал төтенше жағдай кезінде 1984 жылғы жұмысшылардың бірі үйінділердің астында қалып, көз жұмған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама