×

Еліміздегі жылу станциялары 70%-ға тозған – энергетика министрлігі

Петропавлдағы апаттан кейін барлық станцияға тексеріс басталған

 Ербол Тұрымбет 06.04.2022 | 17:30
фото: экология министрлігі

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Петропавлдағы жылу электр станциясындағы мұнараның құлауынан кейін Қазақстандағы бүкіл жылу станцияның қандай жағдайда тұрғанын білу үшін тексеріс жүріп жатыр. Оның сөзінше, станциялардың тозу көрсеткіші тым жоғары, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Елдегі бүкіл жылу станциясының тозу көрсеткіші шамамен 60-70%. Жағдайы Петропавл станциясымен бірдей болып тұрғандарының саны 50-ге жетіп қалады. Бірінші кезекте сол топқа кіріп тұрғандарын назарға аламыз, – дейді Ақшолақов.

Оның сөзінше, министрлік қазір атом-энергетикалық бақылау комитетінің құзіретін қайтарып беруді сұрап отыр. Бұл мәселе бүгін мәжілісте де көтерілді. 

«Биыл ол мәселені шешеміз деген үміттемін. Сол кезде құрылыс стандарттары мәліметтерін қабылдап қана отыра бермейміз. Онымен бірге энергетика нысандарына инспекция жүргізе бастаймыз», – деді министр.

Петропавлда жылу электр орталығындағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. ЖЭО директоры мен бас инженері ұсталды. Петропавлдағы ЖЭО апаты кезінде жоғалған әйелдің денесі табылды. ЖЭО-да күрделі жөндеу жүргізу үшін 18 млрд теңге қаражат керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама