×

Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті бақылап отыр - Берік Уәли

СІМ-нің соңғы мәліметінше, отандастарымыз мінген ұшақ таяуда Атырауға жол тартты

 Қымбат Елтайқызы 28.02.2022 | 16:30
фото: СІМ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Бүгін Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Мемлекет басшысына азаматтарымызды елге жеткізу үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Жалпы, Президент Сыртқы істер министрлігі, елшіліктер қызметкерлері және Қазақстанның Украина мен Польшадағы құрметті консулдарының түрлі қиындыққа қарамай, атқарып жатқан жұмыстарын оң бағалайды. Қазір Қазақстан үкіметі Катовице (Польша) – Атырау – Алматы бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады. Қазақстан азаматтарын елге жеткізетін бірінші рейс бүгінге жоспарланған. Азаматтарымызды Украинадан алып келуге қатысты мәселе Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында, – деп жазды Берік Уәли фейсбук парағында.

Бұған дейін Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін Польшаға ұшақ аттанғаны белгілі болды. Еліміздің 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өткені де хабарланды.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама