×

Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін Польшаға ұшақ аттанды

Әуе кемесінің сыйымдылығы – 179 орын

 Айнұр Асылбекқызы 28.02.2022 | 10:27
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелуге 179 орындық ұшақ Польшаға аттанып кетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

28 ақпанда Қазақстан азаматтарын шығару бойынша «КС 2203» бірінші рейсі Атырау қаласынан Катовице қаласына (Польша) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі – А321, сыйымдылығы – 179 орын.

Ведомствоның ақпараты бойынша, аталмыш ұшақ Катовице қаласынан Атырауға кері қарай 28 ақпан күні Катовице уақыты бойынша сағат 10:30-да ұшып шығуы керек.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Украинадағы жағдайға байланысты Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстанның Украинадағы және Польшадағы елшіліктерімен, сондай-ақ Air Astana әуе компаниясымен бірлесіп, Қазақстан азаматтары үшін Украинадан репатриациялық рейс ұйымдастыру мәселесін пысықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама