Қаржылық алаяқтықтың кезекті схемасы анықталды
Екінші деңгейлі банктердің қаражатын жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдыру фактісін қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті анықтады.
«2018-2020 жылдар аралығында Петропавл қаласының тұрғыны коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей, бақылауындағы коммерциялық компаниялар арқылы жалпы сомасы шамамен 1,4 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар беру мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырып, оны басқарғаны анықталды», – дейді қаржылық мониторинг агенттігі.
Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мүлкі тәркіленіп, 5 пен 6 жылға түрмеге қамалды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Қарағанды облысында алаяқ 14 тұрғынның атынан несие рәсімдеген. Алаяқтықпен күрес: Бірінші кредиттік бюро «Stop Credit» қызметін іске қосты. Алматылық бойжеткен 80 мың долларынан айырылып қалды. Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Сарыағашта миллиондап ақша жымқырған алаяқ әйел ұсталды. Семейде алаяқ емші құрықталды. Семейлік тұрғын зейнеткердің үйін өз атына аударып алған. Olx.kz сайтында тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды. Шымкентте 21 тұрғынды алдаған алаяқ 4 жылға сотталды. Сарыағашта тұрғындардың миллиондаған теңгесін жымқырған екі жұмыссыз әйел түрмеге түсті. 1 млн доллар талап еткен «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» құрықталды. Алаяқ ақтөбелік зейнеткерді 5 млн теңгеге алдады.