×

Olx.kz сайтында тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

Тәртіп сақшыларына бірнеше адам арызданған

 Қымбат Елтайқызы 06.06.2022 | 10:40
фото: ашық дереккөзден

Olx.kz сайтында елорда тұрғындарын алдаған алаяқ құрықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

«Сақшыларға алаяқтық фактісі бойынша 4 азамат арызданған. Олар алаяқтық жолмен мүлкін иемденіп алған белгісіз біреудің айла-амалына түсіп қалған. Жәбірленушілердің айтуынша, олар Olx.kz интернет-сайтына Sony PlayStation ойын консолін жалға беру туралы хабарландыру берген. Тауардың төмен бағасы, сондай-ақ сатылып жатқан тауарларды егжей-тегжей сипаттайтын ойын консольдерінің көрнекті бейнежазбалары, мұның бәрі алаяқтың назарын аударған. Күдікті құны 500 мың теңгеден асатын PS ойын консолін бір тәулікке жалға алған. Содан кейін жалға берушілермен байланысқа шықпай, ұрланған затты ломбардқа тапсырған немесе «Артем» СҮ маңында қайта сатып жіберген. Ал алынған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған», – дейді департамент.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың арқасында күдікті адам анықталып, ұсталды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған 28 жастағы астаналық болып шықты. Барлық мәлімделген факт бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қалалық полиция департаменті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге ескертеді. Сондай-ақ бұл қылмыс үшін қылмыстық кодекс бабы бойынша санкция: мүлкін тәркілеумен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады, – делінген ақпаратта.

137 миллион теңге: Елорда тұрғыны ресейлік алаяқтарға жем болды. «Ата-анаңа айтпа»: алаяқтардың баланы қалай алдайтыны анықталды. Қарағанды облысында алаяқ 14 тұрғынның атынан несие рәсімдеген. Алаяқтықпен күрес: Бірінші кредиттік бюро «Stop Credit» қызметін іске қосты. Алматылық бойжеткен 80 мың долларынан айырылып қалды. Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Сарыағашта миллиондап ақша жымқырған алаяқ әйел құрықталды. Семейде алаяқ емші ұсталды. Семейлік тұрғын зейнеткердің үйін өз атына аударып алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама