×

Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі апелляциялық сатыдағы сот алқасында қаралып, үкім өзгеріссіз күшінде қалдырылды

 Қанат Атаманов 03.06.2022 | 07:30
Фото: inform.kz

Қалалық сот оннан астам қала тұрғынын алдаған адамға қатысты үкім шығарды. Сотталушы Шиелі ауданының 14 тұрғынына жер учаскесін алып беремін деп алдап, ақша алған. Бұл іс бойынша жәбірленушілердің талап арызы қанағаттандырылды.

Шиелі аудандық сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4 тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыдан жәбірленушілер пайдасына қылмыстық әрекетпен келтірілген зиян өндірілді. Сот үкімі апелляциялық сатыдағы сот алқасында қаралып, үкім өзгеріссіз күшінде қалдырылды. Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енген», - деді Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов.

Ведомство мәліметінше, облыста алаяқтық қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 417-ден 316-ға (24%) төмендеген. Ол бүгінгі күнге дейін тіркелген 1673 қылмыстық құқық бұзушылықтың 18%-ын құрайды. Жергілікті соттарда биылғы жылдың 5 айында 23 адамға қатысты 21 қылмыстық іс қаралды. Олардың арасында 18 іс бойынша айыптау үкімдері қабылданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23