×

Алматылық бойжеткен 80 мың долларынан айырылып қалды

Күдікті ақша айырбастау орнын жалға алып, валюта айырбастау туралы хабарландыру жариялаған

 Қанат Атаманов 02.06.2022 | 22:20
Фото: ашық дереккөздерден

Мегаполистегі ақша айырбастау пунктіне қомақты қаражатын өткізген шаһар тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқ қалаға Семейден келген. Күдікті ақша айырбастау орнын жалға алып, валюта айырбастау туралы хабарландыру жариялаған.

Алаяқтың құрығына бірінші болып Алматы қаласының тұрғыны түскен. Жексенбі күні кездесетіні туралы келіскен. Кейін бойжеткен белгіленген орынға келіп, оның қолына 80 мың долларды ұстатқан. Ер адам айырбастаймын деген сылтаумен басқа бөлмеге кетіп, қосалқы есік арқылы сыртқа шығып, қашып кеткен», – дейді Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама