×

Семейлік тұрғын зейнеткердің үйін өз атына аударып алған

Жәбірленушіге келтірілген материалдық залал мөлшері 10 000 000 теңгені құрады

 Қанат Атаманов 05.06.2022 | 08:00
Фото: ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысында зейнеткердің 10 млн теңге тұратын баспанасын өз атына аударып алған алаяқ ұсталды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 68 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Өз сөзінде ол туысының үйге тіркеуге тұру үшін сенімхат жасаймын деп алдап, үйін атына аударып алғанын жеткізді.

Осының салдарынан жәбірленушіге келтірілген материалдық залал мөлшері 10 000 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Оған қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне («Алаяқтық») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама