×

Сарыағашта миллиондап ақша жымқырған алаяқ әйел ұсталды

Ол жеңіл ақша табу үшін түрлі айлаға барған

 Қымбат Елтайқызы 03.06.2022 | 10:59
коллаж: Halyq Uni

Екі тұрғыннан алаяқтық жолмен 5 млн теңгеге жуық ақша алған сарыағаштық әйел қолға түсті, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Сарығаш аудандық полиция бөліміне жергілікті екі әйел арызданды. Олардың айтуынша, сырттай танысы «Даму» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз ақша алып беремін» деп тұрғындардың сеніміне кіріп, біреуінен 2,6 млн теңге, екіншісінен 2,2 млн теңге ақша алған. Алайда жарты жылдан астам уақыт өтсе де, күдікті берген уәдесін орындамаған. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі – 4,8 млн теңге», – дейді ІІМ.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Полицейлер жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті әйелдің кім екенін анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында осындай қадамға барған. Тұрғын жәбірленушілерден алған қаражатты жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өскемен тұрғыны алаяққа алданып, 3 млн теңгесінен айырылды. Қарағандыда азаматтарды 50 миллион теңгеге алдаған «банк қызметкерлері» құрықталды. 137 миллион теңге: Нұр-Сұлтан тұрғыны ресейлік алаяқтарға жем болды. «Ата-анаңа айтпа»: алаяқтардың баланы қалай алдайтыны анықталды. Қарағанды облысында алаяқ 14 тұрғынның атынан несие рәсімдеген. Алаяқтықпен күрес: Бірінші кредиттік бюро «Stop Credit» қызметін іске қосты. Алматылық бойжеткен 80 мың долларынан айырылып қалды. Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа қатысты сот үкімі шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама