×

Өскемен тұрғыны алаяққа алданып, 3 млн теңгесінен айырылды

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 25 жастағы ер адамды ұстады

 Халық үні 31.05.2022 | 06:30
Фото: inform.kz

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 43 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалған. Өз сөзінде ол алаяққа алданып, қомақты қаражатынан айырылғанын жеткізді.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 25 жастағы ер адамды ұстады. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған.

Белгілі болғандай, ол бұрын банкте жұмыс істеген. Үй алып беремін деп әйелді сендіріп, ақша қолына тиген соң мүлде хабар-ошарсыз кетті. Алаяққа қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне («Алаяқтық») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адам 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама