×

Алаяқ ақтөбелік зейнеткерді 5 млн теңгеге алдады

69 жастағы ер адам еш ойланбастан бар жиған-тергенін берген

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2022 | 15:50
Көрнекі фото

Ақтөбе қаласында 69 жастағы зейнеткер биржа өкіліне сеніп, 5 млн теңгесінен айырылды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Биржа өкілі жәбірленушімен телефонмен хабарласып, ақша аударымы мен соның комиссиясына, сақтандыру қағазы мен тағы басқа да салықтарды төлем жасау керектігін айтқан. Зейнеткер соған сеніп, еш ойланбастан барлық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген.

Ол шамамен 5 млн теңге ақшаны алаяқтың есепшотына аударған. Содан кейін ер адам өзінің алаяқтардың құрбанына айналғанын түсініп, полицияға арыз жазған.

Қазір алаяққа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Күдіктілерді анықтау мен ұстауға арналған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама