×

1 млн доллар талап еткен «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» ұсталды

Алаяқтар күзет фирмасының басшылығын бопсалаумен айналысқан

 Динара Амантай 07.06.2022 | 14:59
Фото: inbusiness.kz

Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, күзет фирмасының басшылығынан 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобы әшкереленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы операцияның нәтижесінде алаяқтар күзет фирмасының қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін қомақты соманы талап еткені анықталды.

Алаяқтар тобы фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды. Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге топтың осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама