Украинадағы жағдай: Қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін жедел желі ашылды

Халық үні

Қазір жүк тасымалдаушылар бірқатар кедергіге тап болып отыр

фото: ашық дереккөзден

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, Украинадағы жағдайға байланысты жүк тасымалына енгізілген шектеулердің әсері туралы жиналыс өткізді. Басқосуда Латвия, Финляндия порттары және Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүктерді тасымалдаудың баламалы нұсқалары қаралды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде түйткілді мәселелерге баса ден қою үшін жедел штаб құрылды. Жүк жөнелтушілер үшін шұғыл желі ашылды, – дейді «Қазақстан темір жолы».

Кеден қызметіне қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 60-30-19, 8 (701) 341-32-20 телефондары бойынша хабарласуға болады (кеңес беруші - ҚТЖ ҰК» АҚ бас менеджері Гүлжан Хайруллина).

«Жүктерді қайта бағыттау жөніндегі өтініштерді қабылдау мәселелері бойынша кеңес беретін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас менеджері Саламат Әбжалиев (тағайындалған станцияларды өзгерту, бастапқы тиеу станциясына қайтару және т.б.). Тел.: 8 (7172) 60-31-33,​ 8 (702) 164-55-39», – делінген ақпаратта.

Ресей, Украина, Беларусь және ЕО аумағында тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша «KTZ Express» АҚ департаментінің директоры Ермек Бітіговке хабарласуға болады. Тел: 8 (776) 019 07 78.

Бұған дейін еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды. Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылғаны белгілі болды. Еліміздің жүк тасымалдаушыларының Украинадан қалай шығарылып жатқаны да мәлім болды. Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалда проблемалары қалай шешіліп жатқаны айтылды. Көлік пен логистика саласында да жедел штаб жұмысын бастады. Латвия порттары еліміздің жүктерін қабылдауға келісті.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина және Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті.