Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті

Халық үні

Қалалықтар осы жолы Украинадағы соғысқа қарсы шықты

фото: Тіл кеспек жоқ

Бүгін Алматыда Украинаны қолдауға бағытталған митинг өтті.

Митинг басында Қазақстан мен Украина әнұраны шырқалды. Одан кейін алаңда бір минут үнсіздік жарияланды.

Алаңға жиналғандар саны мың жарымнан асты. Олар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығуды талап етті. «Соғысқа жол жоқ», «Путин, кет!» деп ұрандатты.

Қатысушылар Украинаға видеожолдау жіберу үшін украин тілінде ән шырқады. Одан кейін митингтің ресми бөлігі аяқталды. Десе де, жиналғандар бірден толық тарамады.

Кейін митинг аяқталып, қатысушылар алаң кіреберісіне плакаттарын қалдырып кетті.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина және Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті.