×

Ұлттық банк бес күнде 534 млн доллар сатты

Бұл жалпы сауда-саттық көлемінің 60%-ын құрады

 Қымбат Елтайқызы 06.03.2022 | 11:30
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық банк валюта нарығы туралы мәлімдеме жасады.

Әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдай өте тұрақсыз болып қалуда. Еуропадағы шиеленісті тез арада шешуге қабілетсіздік бойынша күтулердің артуы тауар, валюта және қор нарықтарына көп бағытты ықпал етуде, – дейді Ұлттық банк.

Халықаралық активтерге қатысты санкциялар Ресей Федерациясының Орталық банкін рубльдің құбылмалылығын төмендету үшін дәстүрлі валюталық интервенциялар жүргізу мүмкіндігінен айырды. Мұның салдарынан бағамды тұрақтандыру мақсатында  Ресей Қаржы министрлігі резидент экспорттаушыларды ішкі нарықтағы валюталық кірісінің 80%-ын сатуға міндеттеді. Бұл ретте енгізілген санкциялар мен Ресей банктерін SWIFT жүйесінен ажырату рубльдік валюта нарығын резиденттердің (Мәскеу биржасы) қатысуымен ішкі нарыққа және жаһандық нарыққа бөлді. Олардың арасындағы баға белгілеу әртүрлі болуда. Рубль бағамының негізгі бағдаршысы болып табылатын Мәскеу биржасындағы рубльдің биржалық бағамы кеше бір АҚШ доллары үшін 105 рубль деңгейінде жабылды. Рубль айтарлықтай құбылмалы болып, көбінесе нарық ықпалына және тәуекел-сентименттің өзгеруіне ұшырап, іргелі факторларды аз дәрежеде көрсетті.

«Рубльмен салыстырғанда теңгенің құбылмалылығы айтарлықтай төмен көрсеткіштерді көрсетуде. Алайда, Ресей Қазақстанның негізгі сауда әріптесі екенін ескере отыра теңге бағамын белгілегенде рубльдің ықпалы айқын байқалады. Ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін дүйсенбі, 28 ақпан, күні Қазақстан қор биржасында доллар-теңге жұбы бойынша сауда-саттық франкфурттық аукцион нысанында өткізілді. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары 98,1 млн АҚШ долларын немесе бір күнгі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 61,5%-ын құрады. Сейсенбіден бастап сауда-саттық штаттық режимде өтуде. 1-5 наурыз аралығында валютаға сұраныстың өсуіне байланысты Ұлттық банк 534,3 млн доллар сатты. Бұл жалпы сауда-саттық көлемінің 60%-ын (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-де) құрайды, ал оның 414,3 млн сомасы Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін конвертациялауды және 120 млн сомасы валюталық интервенцияны құрады», – делінген ақпаратта.

Ұлттық Банк айырбастау бағамының еркін өзгеру қағидаттарын ұстануды жалғастырады. Теңге бағамы бұдан былай да іргелі факторлардың әсерінен қалыптасатын болады. Бұл ретте қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы санкциялық риторикаға, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтағы серпінге байланысты болады.

Бұған дейін елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың 520 теңгеден сатылып жатқаны белгілі болды.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі және Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Мемлекет басшысы. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Президент шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина және Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47