Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды

Қымбат Елтайқызы

27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр

фото: Halyq Uni

Қазақстанның 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды. Тағы 11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды

2022 жылғы 5 наурыздағы жедел деректерге сәйкес, Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды. 27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр. Оның ішінде 11 жүргізуші қазір Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді. Әрі қарай олар Беларусь әрі Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 

Бұған дейін Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылғаны белгілі болды. Еліміздің жүк тасымалдаушыларының Украинадан қалай шығарылып жатқаны да мәлім болды. Қазақстандық жүктердің халықаралық тасымалда проблемалары қалай шешіліп жатқаны айтылды. Көлік пен логистика саласында да жедел штаб жұмысын бастады. Латвия порттары еліміздің жүктерін қабылдауға келісті.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Қазақстан мен Украина арасындағы әуе рейстері тоқтады. Бұған қоса еліміздің турфирмаларына жолдама сатуға тыйым салынады. Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауға кірісті. Украинада зардап шеккен еліміздің азаматтарының бар-жоғы анықталды. Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады. Үкіметте дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды. Украина және Ресей кейбір секторда қақтығысты тоқтатуға келісті.