Halyq Uni логотип
×

Тоқаев пен Зеленский не туралы сөйлесті

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ресей президентімен пікір алмасқан еді

 Халық үні 03.03.2022 | 00:00
Тоқаев пен Зеленский не туралы сөйлесті
коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Украина тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты, – дейді Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.

Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.

Бұған дейін Тоқаев пен Путин Украина жайында сөйлескен болатын.

Атап өтсек, қазір Ресей және Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Мемлекет басшысы. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама