×

«Ортақ келісімге қол жеткізу аса маңызды». Тоқаев пен Путин Украина жайында сөйлесті

Бұған дейін Қазақстан президенті екі елді ынтымақтастық орнатуға шақырған

 Айнұр Шошаева 02.03.2022 | 17:49
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.

Еске салайық, 1 наурызда өткен Nur Otan партиясының съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, екі елді ынтымақтастық орнатуға шақырды. Сондай-ақ Қазақстанның бұл орайда барлық қолдауды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Бүкіл құрылысты тоқтату керек»: депутаттар Астанадағы су тапшылығы жайлы

Қазақстандықтар суды үнемдеп пайдалануды үйренуі керек
09.06.2023 | 15:45

Президент Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті

Биыл жыл басында Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды
09.06.2023 | 15:28

Қазақстан жасөспірімдер құрамалары Молдовамен кездеседі

Матчта 14 пен 19 маусым аралығында болады
09.06.2023 | 15:21

Жамбыл облысының екі ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырған

Науқастар ветеринариялық куәландыруы жоқ малды союға қатысқан
09.06.2023 | 15:11