×

Президент Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр

 Халық үні 01.03.2022 | 12:00
Seregi Kholodilin/AP

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Президент екі елді ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Біз екі елді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз. Келіссөздер аясында оны шешу керек. Бейбітшіліксіз ештеңені жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстан бұл орайда барлық қолдауды жүзеге асыруға дайын. Қазақстан экономикасы санкцияларға төтеп беруге дайын болуы керек. Біз барлығымыз бұл қиындықтарды артта қалдыра аламыз. Осы орайда партия да бесенділік танытуы керек. Көп жыл бойы үнсіз жатқан адамдар қазір жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желілерде неше түрлі ақпарат тарата бастады. Партия жұртшылыққа саясатымызды дұрыс тарата алуы керек. Мен үшін ең басты құндылық – Қазақстан тәуелсіздігі, - деді Мемлекет басшысы Nur Otan съезінде. 

Сонымен қатар Тоқаевтың халыққа жаңа Жолдауын 16 наурызда жариялайтыны белгілі болды. Бұл күні жаңа әлеуметтік-саяси реформалар пакеті ұсынылмақ.

Бұған дейін Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамы өзгерді. Nur Otan партиясының атауы да өзгеріске ұшырады.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Жуырда Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі және Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады. «Сбербанк Қазақстан» мәлімдеме жасады. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Елімізде депозиттер бойынша мөлшерлеме артты. Валюта бағамы әрі банктерге қатер күшейе түсті, деді Президент. Елімізде тауарды негізсіз қымбаттатқандар жазаланады. Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізді. Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама