×

Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды

Өрт салдарынан 1 800 адам эвакуацияланды

 Динара Амантай 04.09.2022 | 17:35
Фото: kaz.nur.kz

Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл – ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1 800 адам эвакуацияланды. Мектептерге 200-ге жуық адам орналастырылды. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Әулиекөл ауданындағы алапат өрттің салдарынан 10 адам жарақаттанып, уланды. Осыған байланысты еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек жинау пунктілері ашылды. Олар бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік, жылы киім, тазалық құралдарын жинап жатыр.

Бұған қоса, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры көмек көрсететінін мәлімдеді. Ал, өрттен үйлері жанып кеткен отбасыларға «Halyk Bank» 1 млн теңгеден береді және несиелерін кешіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама