×

«Қазақстан халқына» қоры да өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетпек

Залал көлемі анықталғаннан кейін көмек көрсету тетігі пысықталады

 Динара Амантай 04.09.2022 | 16:32
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

«Қазақстан халқына» қоры Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Бұл туралы хабарлама қоғамдық қордың Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Апат салдары жойылып, залал көлемі анықталғаннан кейін «Қазақстан халқына» қоры жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып өңір тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсету тетігін пысықтайды. Қор болған жағдайды қадағалап, зардап шеккендерге қолдау мақсатында барлық қажетті шараны қабылдайды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Halyk Bank» Қостанайдағы өрттен үйлері жанып кеткендерге 1 млн теңгеден беріп, тұрғындардың несиесін кешіретіні туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама