Мамырдағы демалыс күні ауыстырылды
Сенбі жұмыс күні болып бекітілді
![](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/04/28/662e47ffd7a6c650863478.jpeg)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күнін 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырды.
Бұл жолы ведомство демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 8 мамырға, яғни сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті. Бұл жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған.
Осылайша, биыл қазақстандықтар 7, 8, 9 мамырда қатарынан демалады. Ал сенбі, яғни 4 мамыр жұмыс күні болып бекітілді.