×

30 жылдан астам жасырынып жүрген қылмыскер Павлодарда ұсталды

Жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жері анықталды

 Динара Амантай 27.04.2024 | 09:12
Фото: polisia.kz

Екі күнде Павлодар облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында ұсталды. Біздің қаламызда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті Ресей Федерациясының Тюмень қаласында қолға түсті, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама