×

Әулиекөлдегі орман өрті: 10 адам жарақаттанып, уланды

Өрт аумағы 9 400 гектардан асты

 Динара Амантай 04.09.2022 | 09:36
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттің болуына байланысты жағдай біршама тұрақтанды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы хабарлады.

Жедел штабтың мәлімдеуінше, орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылды: ТЖМ - 40 бірлік техника, жеке құрамның 261 адамы, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД, 52859 ә/б (Қарағанды қ.)); ІІМ-жеке құрамның 33 адамы; ІІМ ҰҰ (Ә/Б 6697) - 150 адамы, 14 бірлік техника; Қорғаныс министрлігі жеке құрамның 20 адамы; Орман шаруашылығының 32 бірлік техникасы, О рман күзетінің 83 адамы; «Қазавиаорманқорған» РМҚК-дан - 12 адам, 2 бірлік техника, 1 әуе кемесі; ЖАО - 3 техника бірлігі, жеке құрамнан 20 адам; «ҚТЖ» АҚ - 5 өрт сөндіру пойызы (21 адам) жұмылдырылды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, су бүрку құрылғыларына су 25 км қашықтықта орналасқан табиғи су қоймасынан алынып жатыр. Өртті сөндіруге 21 рет суды шашу жүргізілді. Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағындағы өрттер сөндірілді. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына тиген жоқ. Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланып, қазір жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында адам шығыны тіркелген жоқ. 10 адам (5 адамы, бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланды. Олардың 4-еуі орталық аудандық ауруханада, 6 тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді, – делінген хабарламада.

Жағдайдың жақсаруына байланысты р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және темір жол (поездар) бойынша поездар қозғалысы толық көлемде қайта жанданды (№82, 43, 51, 37, 622 поездар, барлығы-908 жолаушы).

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 4 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жоғары температура 28 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін сақталады.

Еске сала кетсек, 3 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, оның ішінде ауа температурасының 36 градусқа, желдің жылдамдығы 23 метрге дейін көтеріліп, өрт аумағы 9 400 гектардан асты. Әулиекөл ауданындағы орман алқабының жалпы ауданы 40 000 га.

Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам) және Аманқарағай ауылынан солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам), Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды. Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды.

ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде жедел желі ашылды, психологтердің жұмысы ұйымдастырылды.

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтап жатыр.

3 қыркүйек күні сағат 16.00-ден бастап Озерное (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное (1 тұрғын үй), Аманқарағай ауылдары (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар), Аманқарағай мұнай базасының аумағына өрттің көшуі тіркелді. Қазір өрт 108 құрылысты жойып, зақымдады.

Бүгін Қостанай облысына Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 15 автоцистерна, 2 вахтовка, 1 қызметтік автомобиль, 98 жеке құрам, сондай-ақ Алматы қаласы суағызу құрылғылары бар ТЖМ-нің 2 тікұшағы қосымша күш ретінде тартылады.

Қазір жағдайды бағалау үшін әуеден барлау жүргізіліп жатыр. Әуе барлауының қорытындысы бойынша күштер мен құралдар орман алқабындағы өрт ошақтарын сөндіруге және елді мекендерді қорғауға бағытталатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама