×

Мұхтар Шаханов қазақ қызына үйленген бразилиялық жігітке бата берді (ВИДЕО)

Бразилиялық жігіт ММА шебері 

 Халық үні 19.05.2024 | 19:40
фото: видеодан скриншот

Белгілі ақын Мұхтар Шаханов қазақ қызына үйленген бразилиялық спортшы Дуглас Пумаға батасын берді. Аралас жекпе-жек жұлдызы ерекше сәтті әлеуметтік желіде жариялады.

«Naiza» промоушенінде жұдырықтасатын Дуглас Пума әйгілі Мұхтар Шахановтан батасын алған видеосын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Сөзінше, ақын оның үйіне қонақ болып келген.

Бүгін жұбайымның үйінде өткен мерекелік кеште мен Қазақстаннан шыққан аңыз ақын, легенда адам Мұхтар Шахановты көрдім. Ол кісімен сұхбаттасу мен үшін үлкен мақтаныш және қуаныш. Маған және менің әйеліме айтқан әрбір тілегіңізге, ниетіңізге алғыс білдіремін. Бұл кездесу мен үшін мақтаныш! Өмірімдегі барлық жақсы күндерім үшін Аллаға сансыз шүкіршіліктер айтамын. Аңыз адаммен бір естелік видео болсын. Мұхтар ағаның тілегі мен әзілін видеодан көре аласыздар, - деп жазды спортшы. Дуглас Пума Шахановқа ақ батасы мен тілегі үшін алғысын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама