×

Алматыдан 257 шақырым жерде 5 балдық жер сілкінісі болды

19 мамырда сағат 05:45-те жер сілкінісі тіркелді

 Халық үні 19.05.2024 | 07:42
Фото: Halyq Uni / Айгерім Таубай

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 19 мамырда сағат 05:45-те жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. MPV магнитудасы - 5.0. Жер сілкінісінің координаттары 41.75° с.е. 79.35° ш.б. Тереңдігі - 5 км.

Қазақстан Республикасының аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат - жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама