×

5 жылдан бері Түркістан облысындағы ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Елді мекендерде арақ сатылмайды

 Дәурен Ерболат 12.06.2023 | 09:38
Фото: varandej.livejournal.com

Түркістан облысындағы ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлады Polisia.kz.

5 жылдан бері Ордабасы ауданына қарасты Төреарық пен Жусансай ауылдарында бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген, - деп жазылған хабарламада.

«Шұбар елді мекеніне қарасты Аққойлы және Жусасай ауылдары 7 жылдан бері үлгілі аудандардың бірі болып келе жатыр. Осыны айтып, барлық ауылға үгіт-насихат жүргіздім. Төреарық ауылының тұрғындары бұған құлақ асып, ішімдіктен бас тартты», - деді Ордабасы ауданы полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев.

Қарааспан ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуанышбек Зиябек елдімекенде полиция қызметкері жақсы жұмыс істейтінін атап өтті.

«Ауылдағы учаскелік полицей күнде бізбен бірге жұмыс істейді. Қазір жастар көбінесе спортпен шұғылданады. Кәсіпкер арнайы ауылда спорт кешенін соғып жатыр. Жастарымыздың 30%-ы осы кешенге барады деп ойлаймын», - деді ол.

Бұған дейін ішкі істер министрі Ақтөбе облысындағы ауыл әкімдерінен үлгі алуға шақырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама