×

«Бірде-бір қылмыс тіркелмеген». Министр ауыл әкімдерінен үлгі алуға шақырды

Ақтөбе облысындағы 7 ауылда соңғы екі жылда бірде-бір қылмыс болмаған

 Дәурен Ерболат 30.11.2022 | 18:00
Фото: almaty.tv

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ауыл әкімдері мен учаскелік инспекторлардың тәжірибесін енгізу үшін Үкіметке ұсыныс енгізеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Өңірге жұмыс сапарымен келген министр биыл қылмыстың көбі Ақтөбе қаласында тіркелгенін, ал аудандарда керісінше құқықбұзушылық азайғанын атап өтті.

Полиция мен қоғам арасындағы тығыз байланыс құқықбұзушылықтың азаюына сеп болды. Ырғыз ауданының Қызылжар, Алға ауданының Қарабұлақ, Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ, Темір ауданының Тасқопа, Әйтеке би ауданының Ақкөл, Ақтасты, Қайрақты ауылдарында соңғы 2 жылда бірде-бір қылмыстық іс тіркелмеді. Еңбекті бағалау керек. Бағаланбаған еңбекке обал болады. Әкімдерді, учаскелік полиция қызметкерлерін марапаттауды жөн көрдім. Үкіметке де олардың тәжірибесін жан-жаққа таратып, мемлекеттік награда беруге ұсынамын, –  деді Марат Ахметжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама