×

Иран президенті мен сыртқы істер министрінің қаза тапқаны хабарланды

Ұйым президент Ибрахим Раисидің тікұшағы табылғанын мәлімдеді 

 Халық үні 20.05.2024 | 08:43
Фото: Ирна агенттігі

Апат салдарынан Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшағының барлық жолаушылары мен экипажы қаза тапты. Бұл туралы Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пир Хоссейн Коливанд мәлімдеді.

Құлаған тікұшақтың орналасқан жері анықталған кезде, тікұшақ жолаушылардың тіршілік белгілері табылмады, - деді ол IRIB телеарнасында.

Бортта сондай-ақ сыртқы істер министр Хосейн Амир Абдоллахиан, Шығыс Әзербайжан облысының губернаторы Малек Рахмати және Табриз қаласының жұма имамы Мохаммад Али Але Хашем болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама