Түркияға арзан жолдамалар беруге уәде еткен алаяқ ұсталды

Қымбат Елтайқызы

Ол азаматтардың ақшасын иемденген

фото: ашық дереккөзден

Алаяқ азаматтардың ақшасын иемденіп, Түркияға арзан жолдамалар беруге уәде еткен, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

«Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды құрықтады. Тергеу барысында қаскүнемнің Түркияға арзан билеттер беремін деген сылтаумен ақша иемденгені анықталды. Елорда тұрғынынан 520 мың теңге сомасында алдын ала төлем алып, ұмытылмас демалыс ұйымдастыруға уәде берген алаяқ соңында клиентті түксіз қалдырған. Ер адам тәртіп сақшыларына арызданған. Ал бұрын сотталған күдікті ұсталды», – дейді департамент.

Сақшылар оның тағы бір алаяқтық фактісіне қатысын анықтады. Бұл жолы ол 22 жастағы қыздан 300 мың теңге алып, заңгерлік қызмет көрсетуге уәде берген.

Аталған фактіге байланысты қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргіп жатыр. Құрықталған азаматтың астана аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Olx.kz сайтында тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды. Шымкентте 21 тұрғынды алдаған алаяқ 4 жылға сотталды. Сарыағашта тұрғындардың миллиондаған теңгесін жымқырған екі жұмыссыз әйел түрмеге түсті. 1 млн доллар талап еткен «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» құрықталды. Алаяқ ақтөбелік зейнеткерді 5 млн теңгеге алдады. Петропавл тұрғыны жалған құжаттар жасап, миллиардтап табыс тапқан. Қаржы пирамидасын жарнамалаған 15 сайт бұғатталды – ІІМ. «Пәтеріңді сатып беремін»: Өскемен тұрғыны алаяққа 10,5 млн теңгені санап берген.