×

Қаржы пирамидасын жарнамалаған 15 сайт бұғатталды – ІІМ

Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалау үшін жаза күшейетіні белгілі

 Айнұр Шошаева 08.06.2022 | 12:20
фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер органдарында қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтық бойынша 31 мың қылмыстық іс бар. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

«Интернет кеңістігіндегі алаяқтық республикадағы қылмыстық істердің көп үлесін алып отыр. Статистика интернет алаяқтықтың көбейіп жатқанын көрсетіп отыр. Тек ІІМ тергеп жатқан қылмыстық істерді айтсақ, интернет алаяқтықтан 31 мыңнан астам Қазақстан азаматы зардап шеккен. Келген залал 50 млрд теңгеден астам сома деп анықталды», - деді Қожаев.

Оның айтуынша, ішкі істер ведомствосы интернеттегі қаржы пирамидалары мен алаяқтықты анықтау үшін арнайы бағдарлама қолданады. 

Министрлік арнайы мониторинг пен бақылау бөлігінде интернет кеңістіктегі заңға қайшы контентті анықтау үшін арнайы бағдарлама қолданады. Бағдарлама алгоритміне арнайы тыйым салынған контентті анықтауға мүмкіндік беретін арнайы критерийлер енгізілген. Тек осы жылы қаржы пирамидасы мен алаяқтық әрекеттер бойынша интернетте 31 контентті анықтадық. Ол сайттарды бұғаттау үшін уәкілетті органдарға ақпарат бердік. Бүгінгі таңда 15 сайт бұғатталды, - деп толықтырды ол. 

Қазақстанда қаржы пирамидалары бірнеше белгілер бойынша анықталады. 

«Олар жоғары пайызбен ақшаны қайратамыз деп уәде береді. Өзінің активі немесе қаражаты жоқ, басқа адамдарды тартады. Ақшаны қалай және қай кезде қайтаратынын нақты ашып айтпайды. Қазір қаржы пирамидалары осындай белгілермен анықталып, кейін бұғаттауға жіберіледі. Бұғаттау механизміне келсек, уәкілетті органдар ондай сайттарды анықтағанда Ақпарат министрлігіне нұсқама жібереді. Ол нұсқама негізінде бұғатталады. Бұл бір бір реттік жұмыс емес, жүйелі түрде жүргізіліп тұрады», - деді Бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев.

«Бәрі діннен басталды». Дана Есеева күйеуінің жазықсыз екенін айтты. QNET қаржы пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеу басталды. Qnet-ке алданған талдықорғандық жүкті келіншек суицид жасамақ болған. «Өзімді өлтірейін бе». Вайнердің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады. Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамау мерзімі екі айға ұзартылды. Кезекті пирамида: Бес мыңнан астам адам 150 млн теңгесінен қағылған. «Балаларым үшін қорқамын»: Дана Есеева президенттен қабылдауын сұрады. «Өз обалы – өзіне!»: билік оңай табыс үшін қаржы пирамидасына қатысатындарды аямақ емес. «GAP» тұтыну кооперативі басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды. БҚО-да екі қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалау үшін жаза күшейеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама