×

Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалау үшін жаза күшейеді

Елімізде танымал адамдардың көбі қаржы пирамидасын жарнамалайтыны белгілі

 Айнұр Шошаева 08.06.2022 | 11:40
кадр: қаржы пирамидасына қатысы бар белгілі вайнерлер

Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік бекітіледі, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады. 

Қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құру және басқару үшін санкциялардың жоғарғы шегін арттыру, қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу көзделіп отыр, - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Юрий Ли. 

Бұған қоса заң жобасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдарына немесе экономикалық тергеу қызметіне қаржы пирамидаларын жарнамалау туралы қылмыстық істер бойынша тергеуді айқындау көзделген. 

«Қылмыстық іс-әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтардан ажырату, сондай-ақ құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына жеке және заңды тұлғалардың ақшасы мен өзге де мүлкін тартуға байланысты қызметті жарнамалауға тыйым салуды көздейді», - деп толықтырды ол. 

Депутаттың пікірінше, аталған заң жобасы қабылданаса, блогерлер мен танымал қоғамдық пікір көшбасшылары қаржы ұйымдарын жарнамалауға жауапкершілікпен қарайтын болады. 

Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделіп отыр. Мысал ретінде келтіре кетейін, дәл осы қызмет үшін 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл және 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту көзделген. Сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, бұған қоса үлкен тәркілеумен қатар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар. Бұл қатаң алдын алу шаралары болып саналады», - деді мәжілісмен. 

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбековтың айтуынша, биылғы төрт айда Қазақстанда 9 қаржы пирамидасы құрылу кезінде анықталған. 

«Егер үлкен пайыз бен түсім беруге уәде берсе, біз бәрін аңдып жүре алмаймыз. Біз оның қалыптасу кезінде алын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

«Бәрі діннен басталды». Дана Есеева күйеуінің жазықсыз екенін айтты. QNET қаржы пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеу басталды. Qnet-ке алданған талдықорғандық жүкті келіншек суицид жасамақ болған. «Өзімді өлтірейін бе». Вайнердің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады. Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамау мерзімі екі айға ұзартылды. Кезекті пирамида: Бес мыңнан астам адам 150 млн теңгесінен қағылған. «Балаларым үшін қорқамын»: Дана Есеева президенттен қабылдауын сұрады. «Өз обалы – өзіне!»: билік оңай табыс үшін қаржы пирамидасына қатысатындарды аямақ емес. «GAP» тұтыну кооперативі басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды. БҚО-да екі қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама